Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сурет : Ақорда20 Қараша 2020, 16:17

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен "Сбербанк" БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қазақстан Президентіне цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер