Жаңалықтар тізбегі
0

Қасымов Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 18:15 Ақорда
Қасымов пен Сагынбаев 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Қырғыз Республикасы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Дамир Сагынбаевтың төрағалығымен өткен келіссөздерге орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысып, ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі және ықтимал қауіп-қатерлері бойынша пікір алмасып, халықаралық терроризмге және діни экстремизмге бірлескен қарсы әрекетті егжей-тегжейлі қарастырды. Оның ішінде бүгінгі қалыптасқан ахуалды ескере отырып, алдағы уақытта аталған бағытта үйлесімді жұмысты күшейтудің маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар консультациялар барысында заңсыз есірткі айналымымен күрес және миграциялық заңдылықты бұзу бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарының ынтымақтастығы сөз болды. Бұл бағыттардағы өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, жұмысты жақсарту мақсатында нақты ұсыныстар жасалды.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді. Бұдан басқа, Қ.Қасымов пен Д.Сагынбаев 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: