ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Алматыда кездесті: жиында қандай мәселелер талқыланды
ҚР Президентінің сайтында хабарланғандай, іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы жағдай бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы айтып берді.
"Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты өзекті сын – қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдың практикалық шараларына ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің "тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының нысаналы мемлекетаралық бағдарламасы туралы" шешімінің жобасын мақұлдады.
Іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға және ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталғанын растады.
Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы Астанада 2024 жылғы қарашада, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.
31 мамырда Алматыда ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кездесті.