Түнгі аспандағы жарқ-жұрқ еткен жарықтар семейліктерді шошытты

видеодан алынды видеодан алынды
"Аспандағы шоуды" қала тұрғындары желіде біразға дейін қызу талқылаған.

Семей қаласының тұрғындары 23 қарашаға қараған түні бір сәтке қаланы жап-жарық қылып жіберген аспандағы жарқ-жұрқ еткен жарықтардың куәсі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілердегі қаланың парақшаларында осы сипаттағы видео пайда болды. Куәгерлер найзағай немесе отшашу сияқты нәрсені көргендерін жазды. Олардың кейбіреулері осыдан соң үйде бірнеше секундқа жарық болмай қалғанын айтқан. жоғалтты. Тағы біреулер бұл 2020 жылғы тағы бір тосын сый деп әзілдеп жазды.

Бұл оқиғаға "KEGOC" АҚ-тың Семей аумақтық электр желілері филиалындағылар түсініктеме берді.

Сөйтсе линияда қысқа электр тұйықталуы болған екен.

35 киловольттық жерге бағытталған желіде тұйықталу болды, салдарынан №15 қосалқы стансасында кабельдің муфты түйініне зақым келді. Зардап шеккендер болған жоқ, 18-ші қосалқы станса берілген режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлады филиалдағылар.

Желі қалпына келтіріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз