Сағынтаев Алматыда сап-сау ағаштардың оталуына қатысты мәселені жеке бақылауына алды

24 Қараша 2020, 16:19
Сурет: Facebook

Төле би көшесі бойындағы "Sulpak" сауда үйі маңындағы ағаштардың оталуына қатысты мәселені Алматы қаласының әкімі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"23 қарашаға қараған түні "Sulpak" СҮ жанында заңсыз 13 ағаш кесілді. Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды. Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты "Arena S" ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК "Сакура" мен "Бурибекова" мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. "Сакура" ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда." деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында.

Алдында Мемлекет басшысы Алматыда сап-сау ағаштардың оталып жатқандығына назар аудартып, қала әкіміне осы мәселеге қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырған болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?