Жаңалықтар тізбегі
0

Саясаттанушы Дариға Назарбаеваның саясатқа оралуына қатысты пікір білдірді

tumba.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 21:07 tumba.kz
Мәжілістің жаңа шақырылымында ол комитеттердің бірін басқаруы ықтимал екенін, тіпті вице-спикер болатынын да жоққа шығаруға болмайды.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев бүгін өткен Nur Otan партиясы съезі туралы пікір білдіріп, Дариға Назарбаеваның үлкен саясатқа оралуына қатысты ой қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, Nur Otan партиясының съезі аяқталды. Оның тізіміне сәйкес, Парламент Мәжіліс сайлауына 126 адам үміткер ретінде ұсынылды. Олардың арасында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қосып алғанда қазіргі 22 депутат қана бар. Праймеризге 77 үміткер қатысты. Сонымен, Парламенттің төменгі палатасының жаңа шақырылымындағы депутаттық мандатқа кандидаттардың құрамы 50% -дан астам жаңартылды. Ең бастысы, тиісті мөлшер кейіннен сапаға айналады деп үміттенемін, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, саясаттанушы Дариға Назарбаеваның үлкен саясатқа оралуы таңсық болмағанын айтады.

- Мәжілістің жаңа шақырылымында ол комитеттердің бірін басқаруы ықтимал екенін, тіпті вице-спикер болатынын да жоққа шығаруға болмайды. Партияның тізімінде қазіргі премьер-министр Асқар Маминнің болуы, бәрінен қызық жаңалық болып тұр. Егер ол тізгіндеген үкімет VII шақырылымдағы Мәжіліс жұмысының басталуы кезінде отставкаға кететінін ескере отырып, оның өз қызметіне қайта тағайындалуы немесе депутаттар қатарына қосылуы мүмкін екенін болжауға болады, - саясаттанушы.

Сонымен қатар, ол Nur Otan партиясының белді қайраткерлері арасында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің де сайлауға түсіп жатқанын атап өтті.

"Сайлаудан кейін билік жүйесінде елеулі кадрлық өзгерістер орын алады деп нық айта аламын. Сайлауға қатысып жатқандар арасында ғылыми қауымдастықтағы әріптестерімнің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшелері Айдос Сарым, Ерлан Саиров, Берік Әбдіғалиұлы, Саясат Нұрбек пен Қанат Нұровтың қатысып жатқанын да атап өткім келеді. Мен оларды жақсы білемін және құрметтеймін. Олардың әрқайсысының саяси таңдау құқығы бар. Егер олар алдағы сайлаудың қорытындылары бойынша Мәжіліс депутаттары болып жатса, онда олардың кез-келгені қатысқан заң шығару жұмысының сапасына алаңдауға негіз жоқ деп кесіп айта аламын", - дейді Андрей Чеботарев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: