Шымкентте қаскөй ер адамның басын шауып алған

26 Қараша 2020, 10:01
Сурет: СҚО ПД

Шымкент қаласының Қайнар-Бұлақ жеке тұрғын үйлер аумағынан басы жоқ адам денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жан-жақты тексеріп, қарап шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Күдікті көп ұзамай, тез арада ұсталды. 2001 жылғы күдікті қазір тергеу абақтысында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Адам денесі табыла салысымен полиция қызметкерлері қаптап кетті, олар барлық жерді суретке, видеоға түсірді. Мен марқұмды танимын. Аты Витя болатын, солай сияқты! Ол кейде ішетін, одан басқа ештеңе айта алмаймын. Біздің аудан криминогенді аумаққа жатпайды, 20 жыл ішінде, өз басым, маған келіп ешкім тиіскен емес. Біз тату-тәтті тұрамыз! Мұнда полиция шалт қимылдап, жұмысты жедел атқарды, онысына көп рақмет, - дейді Қайнар-Бұлақ тұрғын үй ауданының тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Тергеушілер тергеу мүддесі мақсатында кісі өлтіру фактісі бойынша істің жай-жапсарын жарияламады. Адамды мұндай айуандықпен өлтіруге не түрткі болғандығы әлі белгісіз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?