Жамбыл облысында жан түршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2021 19:38 Pixabay
Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі айтылмайды.

Жамбыл облысында жан түршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

23 қыркүйекке қараған түні Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы-Қошқарат тас жолының 24 шақырымында Ауди-80 мен ЗИЛ-130 соқтығысты. Салдарынан қос көлік те отқа оранды. Өрт салдарынан Ауди-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Түрлі дене жарақатымен ЗИЛ жүргізушісі мен жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, делінген хабарламада.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат себептері анықталуда, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесі үшін істің егжей-тегжейі айтылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: