Кентауда көлік жүргізушісі 6 жасар баланы қағып, оны дүкен жанына тастап кеткен

27 Қараша 2020, 14:14
Сурет: novorosinform.org

Кентауда 6 жасар баланы қаққан көлік жүргізушісі апат орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысының ПД мәліметі бойынша, бала есін жимастан қайтыс болды.

Көшелердің бірінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолға шығып кеткен 6 жасар баланы қағып кетті. Ер адам жарақаттанған баланы ауылдағы дүкені жанына қалдырып, жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан. Баланы дүкен иесі байқап қалып, жедел жәрдем көлігін шақырған, бірақ олар баланы аман алып қала алмады. Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Күдікті көлігін ауыл шетіне апарып жуған, полиция көлікті сарайдан тапты. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?