Артқа жүрген көлік жүргізушісі бір жасар баланы қағып кетті

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 22:40 polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы жеке үйдің ауласында болған.

Сарышаған станциясында ауладан артқа жүріп, шықпақ болған көлік бір жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, жол-көлік апаты 4 тамызда сағат 12.00 шамасында Сарышаған станциясында болған.

Жол-көлік оқиғасы жеке үйдің ауласында болған. 31 жастағы ер адам Mitsubishi PaJero маркалы көлігіне отырып, артқа бергенде бір жасар баланы қағып кетті. Салдарынан бала әртүрлі дене жарақатымен Приозерск қаласындағы ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Жол апатына кінәлі баланың туысы екені белгілі болды.

Бұл оқиғада ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адамның өліміне әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзу" фактілері бар.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: