Алматыда бір жасар баланы көлік қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Алатау ауданындағы Жапсарбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi Delica көлігінің рөлінде 36 жастағы ер адам болған. Ауладан шығып бара жатқан жүргізуші баланы байқамай, оны басып өте шыққан. 2021 жылы туған бала алған жарақатынан дәрігерлер келгенше сол жерде көз жұмды.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript