Талғарда үш жасар қызды көлік қағып кетті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 20:29 pixabay.com
Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан қыз бала ауруханада көз жұмды.

Талғарда үш жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 24 жастағы жүргізушісі батыс бағыттан Қашқари көшесі бойымен келіп, тұрғын үй ауласына кіргенде 2018 жылғы жас қызды қағып кетті, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Оқиға орнына жетіп, мән-жайдан қаныққан учаскелік полиция қызметкері жәбірленушіні әкесімен бірге ауруханаға алып кетті.

Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан қыз бала ауруханада көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: