Жаңалықтар тізбегі
0

Уақыт беріңіздер! Шошқа фермасының басшысы шырылдап отыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 15:49 видеодан кадр
Қазір кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Уақыт беріңіздер! Тұрғындары тынысымызды тарылтты деп шағым айтқан Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының басшысы шешім қабылдауға әкімдіктегілерден уақыт сұрады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Кешеннің жұмысын тексеру үшін құрылған комиссия бүгін жұмыстың қорытындысын жариялаған болатын. Ал облыстық әкімдік кәсіпкерге екі талап қойып еді: кәсіпорынды жабу не бағытын өзгерту. Алайда ол сол күйі өзгеріссіз қалған.

Нұржауған Қалауов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

Екеуінің біреуін қабылдау керек. Талап сол күйінде қалды. Заң бұзушылықтар бар. Соның ішінде ферманың жұмысында, сантиарлық, эпидемиологиялық, экологиялық талаптардың бұзылуында кемшіліктер анықталды. Олардың мөлшерлері белгіленді. Барлық материалдары прокуротураға берілді. Алға ауданы ішкі істер бөліміне әрі қозғау үшін жеткізілді.

Естеріңізге салсақ, осыдан он күн бұрын Бестамақ ауылының тұрғындары шу шығарған еді. Олар кәсіпорынның жұмысын шұғыл арада тоқтатуды талап етті. Өйткені, фермадағылар жануардың ішек-қарнын ауыл маңына төгіп, ауаны ластайды деп уәж айтқан болатын. Қазір кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ферма басшысы қандай шешім қабылдағанын бір апта ішінде айтуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: