Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты қозғалған іс сотқа жетті

4 Желтоқсан 2020, 13:36
Сурет: news.myseldon.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстың құрылыс басқармасы бастығына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында жаңадан салынған 200 орындық жаңа аурухана кешенін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны, жалпы өз қанаттарының астына алып, ұдайы қолғабыс көрсету үшін алдын ала сөз байласа отырып, 185 миллион теңге көлемінде бір топ болып пара алды деп күдікке алынған, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

3 желтоқсанда қылмыстық іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

10 қыркүйекте Атырауда 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Таубаевтың өзі кінәсін мойындамады.

27 қазанда қазіргі уақытта тергеудегі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Оның бұл мәлімдемесін адвокаты Игорь Вранчев жариялады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?