Мемлекеттік қызметшілердің ауысу тәртібімен лауазым иелену мүмкіндігі бар

7 Желтоқсан 2020, 13:01
Сурет: Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет департаменті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің ауысу қағидаларын, сондай-ақ оларға ротация жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстық басқармалардың бірінші басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің басшылары үшін семинар ұйымдастырды.

Өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей-ақ, ауысу тәртібімен орналасудың негізгі ережелерін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшінің бір лауазымдағы өтілі кем дегенде екі жыл немесе одан артық мерзімді құраса, сол мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі лауазымға, не болмаса одан бір деңгей жоғары тұрған лауазымға ауысу тәртібімен орналаса алады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы болған жағдайда, оның жоғарыда көрсетілген лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу мерзімі мен қағидаларына, ротацияға жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына, "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібіне, ротация мерзімін ұзарту және оны қабылдаудан бас тарту жағдайларына қатысты түсініктемелер берілді.

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?