Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер компьютер бағдарламасы арқылы іріктеледі
Сурет: senate.parlam.kz
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстанда «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеуді компьютер бағдарламасына тапсыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Мұндай жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты.
"Біз "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеуді автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып қарастырамыз. Бұл ретте шешімді конкурстық комиссия емес, жүйенің өзі іріктеудің барлық кезеңі бойынша ұпайларды жинақтау негізінде қабылдайды. Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық автоматтандыру және барлық қатысушыларды анонимизациялау арқылы барынша азайтамыз. Оларға кездейсоқ ID беріледі".Азамат Жолманов
Оның айтуынша, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлері (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер) тағайындалуы үшін іріктеудің бірнеше кезеңінен өтеді. Оның ішінде заңнаманы білуге тест, жеке қасиеттерді бағалау, сандық және ауызша ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары бар. Соңғы кезең – соңғы шешімді қабылдайтын конкурстық комиссиямен әңгімелесу.
Алдағы уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі конкурстық комиссияны «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеу жүйесінен шығаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мемлекеттік қызметкерлердің өзін қалай ұстауы керек екенін айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript