Жаңалықтар тізбегі
0

Күйеуінің ұр-тоқпағынан әбден шаршаған екі баланың анасы көпірден секірмек болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2020 23:53 видеодан алынды
Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Петропавлда тәртіп сақшылары 6 желтоқсанға қараған түні суицидтің алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұмысшылар ауылындағы көпірден өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары биіктен секірмек болған әйелді байқаған. Олар бірден оған көмектесуге асыққан.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, сол күні 33 жастағы екі баланың анасы өзін сан мәрте соққыға жыққан бірге тұратын еркектің үстінен полицияға арыз жазып қалдырады, бірақ үйіне қайтуға қорқады. Ол құбысының үйіне барып қонбақшы болады, алайда ол оны үйіне кіргізбеген. Сол кезде әбден ашынған әйел бұл өмірмен қош айтысуды жөн көреді. Сөйтіп балаларын аудандағы туыстарына қалдырады.

Қазіргі уақытта ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталыққа орналастырылды.

Полиция сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелді сабағыш еркекті жауапқа тарту туралы шешім қабылданатынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: