Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда сүйікті аруынан сөз естіген мас еркек секіріп өле жаздады

stihi.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 20:33 stihi.ru
27 жастағы жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу үшін құтқару операциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғыны "102" арнасына хабарласып Жансүгіров көшесіндегі жылу құбырларының аркасында ер адамның отырғаны және оның секірмек ойы бар екендігін айтқан.

Құрамында полиция аға лейтенанты Руслан Абдықалықов және полиция лейтенанты Ролан Атабаев бар патрульдік полицияның экипажы оқиға орнына бірінші келген. Аркада мас күйіндегі ер адамды көреді. Ол төменге түсуден үзілді-кесілді бас тартып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Бір жарым сағатқа созылған құтқару операциясы барысында ер адамның сүйікті аруымен араларында кикілжің болғаны анықталды. Осылайша, ол жақсы көретін адамының назарын өзіне аударғысы келген.

Оқиға орнында полицейлермен бірге ТЖ қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Ер адамның және құтқарушыларды құлап кетуден сақтау үшін құтқарушылар үрленген құтқару жастығын арканың астына төсеген.

Жігіттің туыстарымен телефонмен хабарласып, олар арқылы төменге түсуге көндіргісі келген, бірақ еш нәтиже болмаған. Қызметкерлер оған жылу жолының құбыры арқылы жақындаған. Инспектор Руслан Абдықалықов оны ұстап қалуға тырысады, алайда екеуі құтқару батутына бірге құлаған. Сонымен қатар, адамды құтқаруда полиция қызметкерлеріне Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының санитары Жандос Сапаров көмек көрсеткен. МӘОО жатқызылған 27 жастағы жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: