Жаңалықтар тізбегі
0

Қолында баласы бар астаналық келіншек 12-қабаттан секіріп кетпек болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 17:11 pixabay.com
Әйелмен арада профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

22 қазан күні кешке Нұр-Сұлтанда қолында баласы бар жас ана 12-ші қабаттан секіріп кетпекші болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағат 17:30-да Кубрин көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов зәулім ғимараттың 12-ші қабатындағы балконнан аяғын салбыратып отырған қолында баласы бар әйелді байқайды. Ол секіргісі келіп, балконның жақтауына отырып алған. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, подъезге қарай жүгірді. Есіктің саңылауынан қарап, әйелдің өзін байқамағанына көз жеткізіп, шешуші шалт қимыл жасап, оны ұстап алды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның баспасөз қызметі.

21 жастағы жас келіншек отбасындағы жанжалдан кейін шарасыздыққа түсіп, осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Бұл кезде оның қолында бір жарым жастағы баласы болған.

Сол күні тәуліктік ауысымнан шыққанмын, демалыс күнім болатын. Балабақшадан балаларымды алып, қайтып келе жатқанда үй ауласында алаңдаулы жұрт пен балкон жақтауында отырған әйелді көрдім. Еш ойланбастан подъезге қарай жүгірдім, осы кезде куәгерлердің бірі де менімен бірге жеделсатымен көтерілді. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, әйелді ұстап алып, ішке сүйреп кіргіздім, - деді полицей.

Жас ананы шарасыз күйге түсірген жұбайына қатысты қорғаныс туралы ұйғарым шығарылып, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен арада профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: