Астанада 17 жасар бозбала 15-қабаттан секіріп кетпек болды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 19:03 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Елордалық полицейлер биіктен секіргелі тұрған жерінен жасөспірімді ұстап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның "102" арнасына сағат 13.00-де куәгерлерден Қалдаяқов көшесіндегі үйдің 15-ші қабатында ер адам терезеден аяғын салбыратып, секірмекші екендігі туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды polisia.kz-ның Telegram арнасы.

Оқиға орнына аға лейтенант Айбек Дүйсенов пен капитан Мұратбек Омарбековтен тұратын Астана қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің жасағы дереу аттанды. Полиция қызметкерлері тез арада тұрғын үйдің әр қабатына көтеріліп, есіктерді қаға бастаған. Оқиға орын алған пәтердің есігін қыз ашып, болып жатқан жағдай туралы полицейлерден естіген. Қалыптасқан жағдайды бағдарлай отырып, тәртіп сақшылары пәтерге жүгіріп кірген және жігіттің қозғалған сәтін пайдаланып, терезені ашып, оны ішке қарай тартып кіргізген.


17 жастағы жігітті мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталуда. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді және ол заңды өкілдеріне табысталды.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: