Талдықорғанда 22-29 жастағы 5 адамнан құралған үйге түсетін ұрылар тобы ұсталды

8 Желтоқсан 2020, 13:21
Сурет: видеодан кадр

Алматы облысының полицейлері бірқатар ұрлық деректеріне қатысы бар қылмыстық топ өкілдерін құрықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қазан және қараша айларында жеке үйлерден өзгенің мүлкін қолды қылудың 12 дерегі тіркелген болатын. Оның 6 дерегі Талдықорған қаласында, 5-еуі Сарқан және 1-еуі Көксу аудандарында жасалды. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2, 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

"Сериялы ұрлық тізбесіне қатысы бар күдіктілерді анықтау үшін білікті полицейлер қатарынан іздеу тобы құрылды. Кәсіби із кесушілер ұрлықтарды жасауға қатысы бар қылмыстық топтың жымысқы әрекетін әшкереледі. Топ Талдықорған қаласының 22-29 жастағы тұрғындары болып шыққан 5 адамнан құралғаны анықталды. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдіктілер өз қылмыстарын мойындады. Олардың осыған ұқсас ашылмаған өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Қылмыстық іс бойынша басқа деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деді Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, тергеу барысында қылмыстық топ өкілдерінен олар қолды қылған тұрмыстық техника, қымбат киімдер, бағалы заттар мен өзге де ұрланған мүліктер тәркіленген. Ұрланған заттардың бір бөлігі тергеу әрекеттері кезінде сатып алушылардан алынды.

Тергеу барысында ұсталғандардың үшеуінің бұған дейін де біреудің мүлкін ұрлағаны және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, біреуі мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?