"Интернет жоқ" дегенге қарамаймыз. Студенттер қысқы сессиядан босатылмайтын болды

8 Желтоқсан 2020, 17:52
Сурет: Fotolia

Кейбір студенттерден емтихандардан босату туралы өтініштер келіп түсіп жатқанына қарамастан ЖОО-дағы оқу академиялық күнтізбеге сәйкес жүретін болады, деп мәлімдеді брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз өткен оқу жылының көктемгі семестрінде "Интернет жоқ" деген себепті алға тартқан студенттердің емтихандарды тапсырмауы немесе сессиядан босату жайын мәселе ретінде көтерілгенін білеміз. Біз мұндайға жол беруге болмайды деп санаймыз, - деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша, осы жазда студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болған жағдайда алыстағылардың барлығын жатақханаларға келуге шақырған.

- Біз сессия қашықтан оқыту форматында өткізілуі керек деп санаймыз. Ал Интернетке қатысты проблемасы болғандықтан, сессиядан босатса деген студенттер талабы негізсіз деп санаймыз. Өйткені студенттер жатақханаға келу мүмкіндігіне ие... Проектеринг бойынша. Еліміздің медициналық университеттерінің бірінде студенттер прокторингті бойынша емтихан тапсырудан босатуды сұрады, бірақ бұл арада мынандай заңды сауал туындайды: "Егер медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің өзі осындай өтініш жасаса, онда "бізден қандай дәрігерлер шығады". Студенттер емтихан тапсыра алмай қаламыз ба деп қобалжиды, қателесуден қорқады. Бұл дұрыс емес деп санаймыз, әсіресе медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін. Осы қыста сессия тиісті шараларды ескере отырып, әдеттегідей өтеді. Сонымен бірге қашықтықтан оқитын студенттер бұл сессияға қашықтықтан қатысады, - деп түсіндірді вице-министр.

Ол қысқы сессия 26 қарашада басталғанын, бірақ нақты аяқталу күндері әр университеттің академиялық күнтізбесіне байланысты болатынын айтты.

Сонымен бірге сессия негізінен биылғы жылдың соңына дейін аяқталатынын баса айтқым келеді. Яғни, барлық студенттер жаңа жылға дейін босап, барлық емтихандарын тапсыра алады, - деді Дәуленов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?