Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

ҚР президенті, құттықтау жеделхаты, Қысқы универсиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 14:34 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық", – деп жазылған құттықтау хатта.

Президент Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. 

Қазақстан 2023 жылғы Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: