Карантин кезінде 200-ден астам тәжік жалған медициналық құжатпен елімізге келіп алған

9 Желтоқсан 2020, 17:42
Сурет: newtimes.kz

Қазақстанда шетелдіктердің мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуімен байланысты 200-ден астам факті анықталды. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

13 мамырдан бастап Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен қазақстандық медициналық мекемелерге емделуге келушілерден басқа барлық шетелдік азаматтар үшін мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойылды. Көлік прокуратурасының талдауы бойынша, Қазақстанның медициналық мекемелерінен емделуге жалған медициналық жолдама-құжат жасатып, Тәжікстанның 232 азаматының шекарадан заңсыз өту фактілері анықталды, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізу міндеті Алматы әуежайының желілік полиция бөліміне тапсырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?