БАҚ басшыларына сайлау заңнамасы туралы ескертілді

10 Желтоқсан 2020, 12:44
Сурет: inform.kz

2020 жылғы 7 желтоқсанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев жетекші отандық БАҚ басшыларымен онлайн-форматта кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сайлау заңнамасының бұқаралық ақпарат құралдары жиі бұзатын бірқатар нормалары түсіндірілді және электоралды кезеңде оларға жүктелетін жауапкершілік жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, БАҚ-та үгіт материалдарын төлеу шарттары туралы ақпаратты орналастыру талаптары мен мерзімдеріне қатысты сөз қозғалды.

Кездесу барысында сайлау заңнамасын бұзу статистикасы, сондай-ақ прокуратура органдарымен және басқа да құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар туралы аталып өтті.

Министрлік басшылығы ҚР заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге және бірлескен күш-жігермен елде ашық және әділ сайлау өткізуге ықпал етуге шақырды.

Сайлау кезінде Қазақстан Республикасында БАҚ пен журналистерге арналған жадынама.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?