Жаңалықтар тізбегі
0

Студент қыздарға жемқорлардан аулақ жүру туралы ескертілді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 22:31 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматылық студенттерге жемқорлықпен қалай күресу керектігі түсіндірілді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушевпен кездесті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Жиында Қ. Токушев Жобалық кеңсенің негізгі қызметімен таныстырып, оны жоғары оқу орындарында ашудағы мақсаты мен міндетін айтты.

– Ұрпақ тәрбиесі ең алдымен мектеп пен университет қабырғасында қалыптасады. Турасын айтқанда, баланың дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының, қоғаммен қарым-қатынасының бастауында ата-анасы мен ұстаздары үлкен рөл атқарады. Сондықтан жастар тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Кез келген оқу орны үшін сапалы білім бірінші кезекте тұруы тиіс. Міндетіміз – қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, ортақ әдіс-тәсілдерді енгізіп, жастармен жан-жақты жұмыс жасау. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесі арқылы жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудың ең үздік тәжірибесі екенін көрсетіп және одан бас тарту ортасын енгізу басты мақсатымыз, – деді Қайыржан Токушев.

Кездесу барысында Қыздар университетінің 100 студенті "Sanaly urpaq" республикалық жобалық клубына мүшелікке қабылданды.

Басқосуды оқу орнының Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры міндетін атқарушы Жаңагүл Сұлтанова қорытындылап, университетте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, бүгінде студенттер арасында "Парасыз сессия", "Таза сессия", "Адал жол", акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбындағы семинарлар өтеді. Сондай-ақ университеттің тәрбие, оқу және ғылым үдерісінде әдептілік қағидаларын сақтау басты назарға алынған. Бұл тұрғыда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" атты пән оқу бағдарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырады.

Сапар аясында Қайыржан Токушев студенттердің өзін-өзі басқару және демалыс аймағының қызметімен танысты. Оқу орнының бас ғимаратының базасында жақында ашылған бұл орталықта білімгерлер өздерін жан-жақты дамытып, қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ түрлі бастамалар мен жобаларды өзара талқылап, іске асыруды талқылайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 22:31

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 22:31

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2019 22:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: