Нұр-Сұлтанда Бөгенбай батыр даңғылындағы көпір уақытша жабылады

astana.gov.kz astana.gov.kz
Азаматтарға кептелісті болдырмау үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 11 желтоқсанда Алаш тас жолы көпірі (Бөгенбай батыр даңғылы арқылы өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында жабылады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 11 желтоқсанда нысандағы теміржол арқылы (оң жағы) өтетін №2 жол өтпесінің аралық құрылысының арқалығы бұзылды.

"Бөлшектелген арқалық қауіпсіздік жолағы мен қозғалыс жолағының бір бөлігінде бар аралықта қалдыру керек болды. Осыған байланысты жолдың бір бөлігін жабуға тура келді. 12 желтоқсанға қараған түні бұл материал бөлшектеніп, қоқыс полигонына шығарылады", - деп түсіндірді мамандар.

Азаматтарға кептелісті болдырмау үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Нұр-Сұлтанның көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз