Нұр-Сұлтанда айналма жол учаскесі 7 қазанға дейін толықтай жабық болады

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 21:41 astana.gov.kz
Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз жол бағыттарын алдын ала жоспарлауына кеңес берілген.

30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімдіктің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, бұл - жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жағдай.

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауына кеңес береміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: