Қытайдың солтүстігінде ежелгі түріктердің 120 моласы табылды

Синьхуа Синьхуа
Ғұндардың қабірлері Ішкі Моңғолия автономиялық аймағындағы қазба жұмыстары кезінде табылды.

Қытайдың солтүстігінде қазба жұмыстары кезінде ежелгі ғұндарға тиесілі 120 қабір табылды, деп хабарлайды zakon.kz Синьхуаға сілтеме жасап.

Археологтар сегіз қабірді қазып, ағаш табыттарды, адамның сүйектерін, темір пышақтарды, қыш ыдыстарды, лакталған ыдыстарды және құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйегін тапты.

Қабірлердің бірінен кесе тәрізді 83 темір гүл табылды.

Сондай-ақ, темірден жасалған әшекейлерден жібек матаның іздері бар, бұл ағаш табыттың бір кездері жібекке оралғанын байқатса керек, - дейді Ішкі Моңғолияның Мәдени жәдігерлер мен археология ғылыми-зерттеу институтының археологы Сун Годун.

Сунның айтуы бойынша, ғұндардың бұл қабірлер кешені түркі халқының археологиялық зерттеулері үшін маңызды орын болып табылады.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз