Енді Қазақстанда импорттың үлесі төмендейді – Руслан Дәленов

secretmag.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 15:43 secretmag.ru
Бұл дайын, өңделген тауар өндірісі өсуіне байланысты.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында "Қарапайым заттар экономикасын" дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асырудың оң макроэкономикалық әсері туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалады. Мәселен, "Қарапайым заттар экономикасы" салаларында өнім шығару көлемі 2018 жылғы 8,9 трлн. тг.-ден 2019 жылы 10,1 трлн. тг. дейін өсті. Ағымдағы жылы өсу жалғасты.

Сонымен бірге, 10 айда нақты көлем индексі 104% - ті құрады. Дайын, өңделген өнімді шығару қарқынды дамып келеді.

Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорт үлесі төмендейді. Тұтынуда қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі өсуде. Осылайша, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 проценттік тармаққа өсті, деді Р. Дәленов.

ҚР ҰЭМ дерегінше, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Соңғы 2 жылда өнімнің бірқатар түрлері бойынша өсім екі мәнді көрсеткіштерге, ал жекелеген түрлері бойынша – 1,5-2 есеге жетті. Ағымдағы жылы өндірістің өсу қарқыны жалғасты.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын іске асыру дайын және өңделген өнімнің өсуімен сүйемелденеді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бойынша қолдаумен қамтылған кәсіпорындардың мониторингіне келетін болсақ, ол оң динамиканы көрсетеді. Ағымдағы жылы мұндай кәсіпорындар табысты сақтап қана қоймай, сәйкесінше төленген салық көлемін де арттыра алды.

Жалпы, нәтижелер кредиттеу бағдарламалары дайын отандық тауарларды өндіруді ынталандыратынын және оң макроэкономикалық әсер беретінін көрсетеді, деді министр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: