Жаңалықтар тізбегі
0

Нақты сектор қайта қалпына түсіп келеді – Руслан Дәленов

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 16:28 primeminister.kz
Инвестицияның қомақты көлемі тұрғын үй құрылысына тартылған.

Жаһандық экономиканың баяулағанына қарамастан, нақты сектор қайта қалпына түсіп келеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 10 қарашада өткен үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазіргі таңда жаһандық экономикада мынадай жағдайлар байқалуда: жаһандық экономика мен саудада белгісіздік сақталып отыр. Халықаралық қаржы ұйымдарының жаңартылған болжамдары бойынша 2020 жылға жаһандық экономикада өсім қарқынының төмендеуі минус 4,4%-дан минус 7,6%-ға, ал жаһандық саудада минус 7%-дан минус 10,6%-ға дейін бағалануда", - деп мәлімдеді ол.

ҚР ҰЭМ мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 10 айы бойынша: тау-кен емес секторға инвестиция көлемі артты, нақты секторда өсім сақталып келеді, қызмет көрсету секторы тұрақталды және экономиканы несиелендіру артып келеді.

"Осы жылдың 10 айында тауар өндіру 1,9%-ға өсті. Бірақ, бұл ретте қызмет көрсету өндірісі 6,1%-ға төмендеді. Нәтижесінде, жедел мәлімет бойынша ЖІӨ 2,9%-ға азайды. Жылдық инфляция 7,1%-ды құрады", - деді министр.

Сондай-ақ, ол нақты сектор салаларының барлығына жуығы және қызметтердің жекелеген түрлері оң өсім қарқынын көрсетіп келе жатқанын атап көрсетті. Бұл құрылыс (10,7%-ға өсім), ақпарат және байланыс (8,2%-ға), ауылшаруашылығы (5,2%-ға), өңдеу өнеркәсібі (3,2%-ға) салалары.

Сонымен қатар, көлік (17,3%-ға) пен саудада (9,4%-ға), ғылыми және техникалық қызметте (5,2%-ға), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (4,6%-ға), әкімшілік қызмет көрсетуде (4,4%-ға) төмендеу байқалады.

"Тау-кен емес секторға инвестиция, экономиканы несиелендіру, нақты экономика өсімі және қызмет көрсету саласының төмендеуін тұрақтандыру - 10 ай қорытындысының базалық факторлары болды. Яғни 10 айда тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестиция 14,7%-ға өсіп отыр", - деп мәлімдеді Дәленов.

Осылайша, инвестицияның қомақты көлемі тұрғын үй құрылысына тартылған, яғни бұл 1 472 млрд. теңге немесе 30%-ға өсім, көлікке - 959 млрд. теңге (8%-ға өсім), өңдеу өнеркәсібіне - 661 млрд. теңге (11%-ға өсім), ауылшаруашылығына - 413 млрд. теңге (8%-ға өсім) тартылған.

"Өңдеу өнеркәсібі салаларында жедел өсім жүрді. Атап айтар болсақ, фармацевтика 40%-ға, жеңіл өнеркәсіп - 16%-ға, машина жасау - 17%-ға, автомобиль өнеркәсібі - 54%-ға дейін жеделдетілді", - деп атап көрсетті министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: