Қазақстан бойынша бір түннің ішінде 12 тұрғын үй секторы отқа оранды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ өткен тәуліктегі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, кезекші тәулік ішінде өрт сөндірушілер Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Қарағанды мен Тараз қалаларында тұрғын үй секторларында 12 өртті жойды.
ТЖМ күшімен 7 шаруашылық құрылыстың, 4 моншаның, 2 гараждың және 2 жеке тұрғын үйдің жануы жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

