Ақтөбе облысында 9 қоян атып алған жігіт ұсталды
2020 жылдың 10 желтоқсанында Байғанин ауданында Қопа кентінен 5 шақырым қашықтықта полиция қызметкерлері Атырау облысының 19 жастағы тұрғынының басқаруымен мемлекеттік нөмір жоқ "Урал" мотоциклін тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мотоциклді тінту кезінде атылған 9 қоянның еті, Baikal МР-18ем-М 12 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық және 8 патрон табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі "Заңсыз аң аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті кінәсін мойындап, ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.
1-31 желтоқсан аралығында облыс аумағында "Киік" алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – киіктерді заңсыз аулауды анықтау және жолын кесу, олардың дериваттарын өткізудің алдын алу.
2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша браконьерлік үшін жауапкершілік күшейтілді. Егер бұрын браконьерлік фактісі дәлелденсе, қылмыскер мүлікті тәркілеуге және 7 жылға бас бостандығынан айыруға тартылса, бүгінде жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Мемлекеттік инспекторларға шабуыл жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеу және өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі бар. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген бапқа сәйкес, мемлекеттік инспекторларға немесе қорық қызметкерлеріне келтірілген зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.