Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды

20 Желтоқсан 2020, 10:52
Сурет: АГН "Москва"

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 25 дерегі тіркелді, одан 4 адам қайтыс болды, 61 адам емделіп, ауруынан айықты.

1 тамыздан бастап тіркелген деректер: коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығушылардың жалпы саны - 44 385, қайтыс болғандар - 474, емделіп, жазылғандар - 32 183, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша 25 350 адам КВИ-ден емделіп жатыр (КВИ белгісі бар - 13 622 және КВИ симптомы білінбейтіндер -11 728), оның 4 482-сі ауруханада, ал 20 868 науқас амбулаториялық жағдайда ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастары арасында ауыр жағдайдағылар - 259 науқас, одан бөлек денсаулығы өте ауыр деп бағаланған 38 науқас бар, жасанды тыныс алу аппаратына 37 науқас қосылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?