Қазақстанда утилизацияға жіберілетін ескі көліктерді қабылдау тоқтатылды

20 Желтоқсан 2020, 15:03
Сурет: 44030.kz

Қазақстанда 24 желтоқсаннан бастап ескі көліктер утилизацияға уақытша қабылданбайды, деп хабарлайды zakon.kz.

РОП операторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстан шығып қалған техникаларды 2021 жылы қабылдау бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта таратылады

"Қолданыстан шығып қалған техниканы утилизацияға қабылдаудың 40 мың даналық жылдық жоспары орындалып қойғандықтан, ескі автокөліктердің қабылдау бекеттерінің жұмысына өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз. 2020 жылғы 23 желтоқсаннан бастап Қазақстанның 17 өңіріндегі қабылдау бекеттері ескірген жеңіл, жолаушылар және жүк көліктерін қабылдау жұмысын тоқтатады. Автокөлік иелерінен өтінім электронды кезекке сәйкес сағат 17.00-ге дейін қабылданады», - делінген ресми ақпаратта. 2020 жылғы желтоқсанның 24-нен 31-не дейін қабылдау бекеттерінде техникаларды престеу және тасымалдау, оларды Қарағандыға жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар оператор қолданыстан шығып қалған, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын қабылдау квотасы орындалып қойғанын хабарлайды. 5 қараша мен 15 желтоқсан аралығында утилизацияға 100 трактор мен 20 комбайн қабылданған. «Ескі техникаларды өткізу үшін халықты ынталандыру жұмысы келесі жылы жалғасады. Қолданыстан шығып қалған техникаларды 2021 жылы қабылдау бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта таратылады", - делінген хабарламада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?