Жаңа жылдан кейін оқушылар мен студенттер қандай форматта оқиды - ВАК шешім қабылдады

20 Желтоқсан 2020, 17:14
Сурет: 24.kz

Ведомствоаралық комиссия ІІІ-тоқсанда мектеп оқушылары мен ІІ- семестрде студенттер қалай білім алатындығын анықтап, шешім жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып,коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылады.

Оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.

II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?