Жаңалықтар тізбегі
0

Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды

Оқу бағдарламасы Сурет: Zakon.kz
Студенттердің көктемгі семестрі 24 қаңтарда басталады. Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

Министрліктің хабарлауынша:

  • Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етілді.

  • Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.

  • Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

  • Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:

  • Маска режимі қатаң ұстану керек;

  • Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндетті;

  • Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдар оқу корпустарына кіргізілмейді.

  • Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап етпейді.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81%-дан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94%-дан астамы екпе алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз