Жаңалықтар тізбегі
0

Махаббаттан басы айналады. Астролог 2021 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты

LadyReka.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 16:55 LadyReka.ru
Шығыстың жұлдыз жорамалы бойынша.

Белгілі қазақстандық астролог Елена Топольская zakon.kz тілшісіне алда келе жатқан Металл - Бұқа жылы қалай болатынын және шығыс жұлдыз жорамалының қандай белгілері сәтті болатынын, кімге бұл жылы абай болу керектігін айтты.

Бұқа жылы Қытайдың күнтізбесі бойынша, 2021 жылдың 3 ақпанынан 4-не қараған түні болатынын білген маңызды. Дәл осы дата астрология тұрғысынан маңызды, ал Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінде атап өтілетін 2021 жылғы 12 ақпандағы ай күнтізбесі бойынша 2021 жыл Бұқа жылы болып саналмайды.

Топольскаяның айтуы бойынша, Бұқа жылының ең берік стихиясы - Металл мен Жер, бірақ Металл элементінің әсері , әсіресе күшті.

Бұл дегеніміз, банк секторы өзін сенімді сезінетінін, заң ғылымына, мемлекеттік басқаруға қатысты барлық нәрсе жақсы болады. Мемлекеттік реттеу ең жақсы деңгейде болады, барлық жағдайды жеңе алады және процестерді реттеп, жағдайды тұрақтандырады деп күтуге болады. Жаңарудың, жаңа бастамалардың, құндылықтарды қайта бағалаудың уақыты 2022 жылға сәйкес келеді, ал 2021 жылы жағдайды оңтайландыру арқылы тұрақтандыру шебінде өтеді. 2021 жыл ақшаны үнемдеуге, бұрын жинақталған мүлікті сауатты басқаруға қолайлы және адамдарға үлкен мансаптық мүмкіндіктер бере алады, - дейді Тополская.

Сонымен қатар, инновация, жаңа бастамалар, жаңа бизнес мүмкіндіктері тұрғысынан мүмкіндіктер онша көп болмайды.

Жылдың ең сәтті белгісі - Әтеш. Бұқалар, жолбарыстар да жетістікке жете алады. Жылқылар үшін жаңашылдықтың басталу кезеңі, олар жалпы болжамға қарамастан өзінше әрекет ете білуі керек, бірдеңе іске асыруы керек, сонда нәтижесі жақсы болады, - деді Тополская.

Ал енді толығырақ.

Бұл жыл кімге жағады?

Астрологтың айтуы бойынша, келе жатқан Бұқа жылында "8" жұлдызы Батыста болады, сондықтан Батыс үшін бұл жыл ең табысты және қолайлы болады. Бұл жұлдыз - Әтештердің сәттілік белгісі. Бұл белгінің өкілдеріне алдағы жылды тиімді пайдалануға кеңес беріледі.

"9" жұлдызы Бұқа мен Жолбарысқа тиесілі. Оларға көпшілік алдында сөйлеу қабілетінің арқасында жақсы жарнама жасап, маркетинг, жобаны, өнімді, қызметті жылжытуға жақсы мүмкіндіктер береді. Ол тәуекелді жұмыстарда табысты болады. Бұл жұлдыз инвестиция үшін де жақсы. Жылқы жылы туылғандар үшін көп еңбектенуге тура келеді. Келесі жылы олар "1" жұлдызына тап келеді, ол жаңа табысты бастамаларды, саяхаттарды, жаңаруларды және қақтығыстардың болмауын уәде етеді. Сондай-ақ, Жылқы жылы туылғандардың дені сау, дарынды балаларды дүниеге әкелуге мүмкіндіктері мол болады.

Махаббат және романтика

Махаббат пен романтика жұлдызы - "4" Қоян жылында туылған адамдарға түседі. Бұл жұлдыз - сәттілік, махаббат, шығармашылық және романтиканы белсенді етеді.

Елена Топольская Қояндарды келесі жылы олардың жеке өміріне байланысты таңқаларлық жағдайла күтіп тұрғанын айтады. Сондықтан бұл жылы өз жарын табуды қалайтын бойдақ Қояндар үшін қолайлы болады. Көбінің махаббаттан басы айналады. Сондай-ақ, Қояндар шығармашылық, әдебиет, сурет салу, рухани даму, тілдерді үйрену және жаңа дағдыларды игеру жолында сәттілікке ие болады.

Үлкен қиындықтар

Қауіпті жұлдыз - "5" Айдаһар мен жыландарға әсер етеді. Ол қиындық пен стресті тудырады. Топольскаяның айтуынша, айдаһар бұл сынаққа төзімді және Жылан жылы туылғандар үшін астролог Әтеш пен Бұқа жылымен туғандармен көбірек сөйлесуге кеңес береді. Олар сондай-ақ тұмар ретінде салпыншақ, кулон тағуға немесе Әтештің бейнесін немесе кез-келген құстарды қолдана алады.

Ауру-сырқаттар

"2" - ауру шақыратын жұлдыз Егеуқұйрықтарды күтеді, олар үшін келесі жыл қиын болады, кірістері төмендейді.

Бұл белгінің өкілдеріне көбіне, әліптің артын бағып, өз күшін сақтауға кеңес беріледі. Егеуқұйрықтар жылында туғандар өзіне бақылаушы позициясын қабылдауы керек. Бірақ, "2" - ауру шақыратын жұлдыз маңында тұрғанына қарамастан, олар үшін жақсы жаңалық бар - Бұқа Егеуқұйрықтың құпия досы, сондықтан досы әрі одақтасы ретінде сырттай қолдайды, - дейді астролог.

Күрес

Жанжалдар мен қақтығыстардың жұлдызы "3" Қой мен Маймылдарға әсер етеді, олар белсенді өмір салтын ұстану ұсынылады, жанжалды жағдайлардан аулақ болып, олардағы шиеленісті сәттерді жою үшін спортпен айналысқаны жөн.

Топольскаяның айтуынша, "3" жұлдызы теріс деп саналса да, көбінесе жеке тұлғаны жаһандық қайта құруға және спорттағы жоғары жетістіктерге бағыттайды.

Бұл белгілер үшін өмірін қайта парақтап, бір қорытынды шығаратын уақыт келді, - дейді астролог.

Заң, дау-дамай

Заңмен, өсек-аяңмен, дау-дамаймен байланысты жағымсыз, арандатушылық мәселелерді тудыратын "7" жұлдызы Бұқа жылында Доңыз бен Ит жылында дүниеге келгендердің маңына тоқайласады.

Алдану, ақша мен мүлік жоғалту қаупі бар. Мен бұл белгілердің өкілдеріне қаржылық және құқықтық мәселелерде өздерін қорғауды, заң шеңберінде әрекет етуді, көп ақша ұстамауға кеңес беремін, - деді Тополская.

Сонымен қатар, Доңыз бен Иттер барлық сөздеріне мұқият болуы керек.

Альберт Ахметов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: