Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік полиция қызметкері түсірген селфи. Тексеріс басталды

kris.p.online, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:44 kris.p.online
Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады.

Шымкентте егде жастағы әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімет етті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады, делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының ұсталған адаммен түскен селфи суреті тарап, ол кеңінен талқыланды.

17 желтоқсанда ер адам подъезге кірген егде жастағы әйелдің ту сыртынан тап берген. Оны артынан келіп қылқындырып, талдырып, жерге құлатып, зорламақ болды, арасында есін жиып, қарсылық білдірген әйелді ол бірнеше мәрте жұдығымен басынан да ұрады. Бірақ қаскөй өз әрекетін соңына жеткізе алмай қалды, сырттан абыр-дабыр естілді ме, ол орнынан тұрып, тұра қашады. 20 желтоқсанда Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тіркелген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: