Алматы облысында айдалада жападан жалғыз жүрген бала табылды

22 Желтоқсан 2020, 11:49
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысында тас жолдан қараусыз бала табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Баланы тауып алған ер адам видео түсірген. Ол өз көлігімен тас жолмен Ақши жақтан келе жатқанын айтады.

Міне, тас жолда жападан жалғыз кетіп бара жатқан мына баланы тауып алдым. Айналада тірі жан жоқ! Сұмдық қой. Әкесінің қайда екенін білмейді. Енді не істесем болады, ол жағын білмей тұрмын. Алып кетемін, әрине, әкімдікке апаратын шығармын, - дейді ер адам видеода.

Облыстық ПД бұл оқиғаға қатысты барлық жағдайлардың анықталатындығын атап өтті.

Алматы облысының полиция басқармасы жолдан табылған бала туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаға жауап ретінде істің мән-жайын анықтап, оның ата-анасының іс-әрекетіне заңды баға береді. Тексерудің нәтижелері туралы көпшілікті кейінірек құлақтандыратын боламыз, - дейді полиция департаментіндегілер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?