Алматы облысында бір жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік табылды
aikyn.kz
Ер адамды Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасында тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды.
Қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілдері Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі есепке алу бойынша тексеру барысында Рахат ауылының 29 жастағы тұрғынының бір жылдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адамды Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасында тұратын ата-анасы іздеп жатқаны белгілі болды.
Іздеу жарияланған азамат туралы, оның нақты тұрғылықты мекенжайы мен уақытша тіркеуі жайлы мәлімет іздеп жатқан органға жолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript