Пара алған төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бастығы жеті жылға сотталды

24 Желтоқсан 2020, 10:33
Сурет: 24.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Түрксіб аудандық бөлімінің бастығы және жеке компанияның бас директоры парақорлық бойынша сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласындағы департаменті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Түрксіб аудандық бөлімінің бастығы Нұрташев Н.С.-ға қатысты жеке компаниялардың басшыларын бопсалау арқылы бірнеше рет пара алу фактісі бойынша.қозғалған қылмыстық істі тергеуді бұған дейін аяқтаған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Түріксіб аудандық бөлімінің бастығы Нұрташев "Хозу-Алматы" ЖШС бас директоры Бирюковтан коммерциялық қызметі мен жалпы өзіне әрдайым қолдау көрсетуі үшін 20 мың теңге пара алды, сонымен қатар басқа жеке компания басшысынан бұйрықта көрсетілгендей, (бұзушылықтарды жою туралы) терминалдардың металл конструкциялары өртке қарсы бояумен өңделмеген түріндегі анықталған заңбұзушылыққа көз жұма қарағаны үшін 840 000 теңге алды деп күдікке ілінді, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

23 желтоқсанда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Нұрташев 7 жылға, Бирюков бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылады, деп атап өтті департаменттегілер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?