Жаңа жылда Медеу мен Шымбұлақтың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

ticketon.kz ticketon.kz
Сондай-ақ туристік бизнес саласында қонақ үйлердің де жұмысына тыйым салынбайды.

"Медеу" және "Шымбұлақ" қысқы демалыс орындары Жаңа жылда өз жұмысын жалғастыра беретін болды. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгіленген тестілеу режиміне сәйкес, шектеулерді сақтай отырып, туризм нысандары - "Медеу" спорттық-сауықтыру кешені өзінде бар орындардың қамтылу деңгейін 50% -дан асырмай, ашық аспан астында келушілерінің арасындағы 2 метр алшақтықты міндеттеу арқылы өз жұмысын жалғастырады, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, делінген құжатта.

Сондай-ақ, қонуға арналған баспана қызметтерін (қонақ үйлер, демалыс орын-жайлары) ұсыну саласындағы объектілер мен ұйымдарға COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасынсыз жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; ал келушісі 3 тәуліктен астам уақытқа болатын туристік нысандар (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, туристік лагерлер) үшін келушісінен ПТР-анықтама талап етуі тиіс, онда оның жарамдылық мерзімі 72 сағаттан кем болмауы тиіс, ғимаратты адам қабылдау мүмкіндігінің 80% санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қолданған жағдайда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз