Семей COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа жатқызылды

5 Қаңтар 2021, 09:27
Сурет: Instagram/akimat.semey

Семей COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл дерек қала әкімдігінің инстаграмында жарияланды.

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің ақпараты бойынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққандағы апта сайынғы аурушаңдықты және инфекцияның репродуктивті коэффициентінің (R) жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей қаласы Ковид-19-дың таралуы тұрғысынан "сары" аймаққа енді.

Қала тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады. Гигиенаны сақтап, бетперде тағып, адамдар көп жиналатын орындарға қажет болмаса, барудың керегі жоқ екені тағы бір мәрте ескертілді.

3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы карантин 18 қаңтарға дейін ұзартылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?