Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың ауылы қаңырап қалды. Халық қалаға жаппай көшті

петропавловск.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 15:29 петропавловск.kz
Стратегиялық қателік.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетінде жариялаған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс екенін айтты. ҚР Президенті оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

"Батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал- Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай мен Баянауыл, Ұлытау мен Қарқаралы, теріскейде Имантау мен Айыртау және басқа да көрікті жерлеріміз жетіп артылады. Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бәрі өзімізде бар. Жастарға осындай керемет табиғатымызды танытып, оны қадірлеуге баулуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар екенін айтты. Ол - халықтың қалалық жерлерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңындағы елді-мекендерде тұрғындар саны күрт азаюы.

"Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл екі мәселенің де стратегиялық маңызы барын, сондықтан оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайтынын да баса айтты.

"Жергілікті билік мұндай жұмыстарды жоғарыға көпірген ақпар беру үшін емес, мемлекеттік мүдде және ағайынға шынайы жанашырлық тұрғысынан жасауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: