Жұрт лап қойғанда БЗЖҚ-ның сайты шыдамай, "сынып" кетті

freepik.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 21:10 freepik.com
БЗЖҚ қазір сайтта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

2021 жылы қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға мүмкіндік берілді. Қазақстан Республикасының Президенті тиісті заңға 2 қаңтарда қол қойды. Жаңа жылдық демалыстан кейінгі бірінші жұмыс күні, яғни 5 қаңтарда қазақстандықтар БЖЗҚ веб-сайтына жаппай кіре бастады, бірақ көп ұзамай сайт жұмысы кібіртіктеп, ақыры ол "сынып" тынды, деп хабарлайды zakon.kz.

БЖЗҚ сайт жұмысының қайта-қайта үзіліп кетіп жатқандығын былай түсіндірді:

Қордың сайтында техникалық жұмыс жүріп жатыр. Сұраныстың көптігіне байланысты сайттағы кейбір қызметтер қолжетімді болмай қалуы мүмкін. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Бұған дейін олар веб-сайтта және мобильді қосымша бойынша 2 мен 4 қаңтар аралығындатехникалық жұмыстар жүргізілетінін ескерткен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 21:10

Зейнетақының белгілі бір бөлігін кез-келген адам ала алмайды. Қажетті "жеткіліктілік шегінен" асқандарға ол мүмкін. БЖЗҚ бұл өлшемшартты олардың сайтында немесе қосымшасында тексеруге болатындығын айтқан болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: