Meta Facebook пен Instagram-ның жұмыс істемей қалуына байланысты түсініктеме берді
Сурет: pixabay
Meta Facebook пен Instagram-дағы ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз адамдардың әлеуметтік желіге қол жеткізе алмай, әуреге түскенін білеміз. Біз проблемаларды шешу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз", – деді Meta өкілі Энди Стоун Х әлеуметтік желісінде.
Цифрлық даму министрлігі Zakon.kz сайтына мәселе сырттан туындағанын, Қазақстанда интернет жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
Айта кетсек, 2024 жылы 5 наурызда Қазақстанда Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видео хостингінде шамамен сағат 20-35-те ақаулар орын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript