Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

6 Қаңтар 2021, 10:58
Сурет: polisia.kz

Қызылорда облысында киік ату дерегі анықталды, деп хабарлады zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03:20 шамасында Төретам кентінен Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолына шығатын жолда "Лада Ларгус" маркалы күдікті автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышында төрт бас киіктің еті бар екені анықталды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан бір дана қоян, екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілері айғақ зат ретінде алынды.

Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақастан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?