Алматы облысында жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші ұсталды
видеодан алынды
Қазіргі уақытта жол-көлік апатының барлық мән-жайларын объективті зерттеу үшін тиісті сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Алматы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жол оқиғасы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді. Бұл оқиғаға қатысты жүргізуші екі айға қамауға алынғаны айтылады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Алматы облысы ПД 2020 жылдың 6 шілдесінде осы факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалатынын хабарлайды."Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша "Д" деген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, жүргізуші 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол-көлік апатының барлық мән-жайларын объективті зерттеу үшін тиісті сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншіні көлік қаққан видео пайда болды.
- Барлық туыстары мен достары жан-жақтан қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетіп жатыр, ал анасы қарсы арыз жазып, сот шешімі өз ұпайларына қатысты шығатынын айтқан. Видеожазбалардың көзін құртып жатыр. Олар марқұм В.С.Власовты суицид жасады деп шығармақшы. Тергеу отбасынан барлық фактілерді жасырып әлек. Куәгерлерді "өз жайларына жүріңдер" деп қорқытқан, делінген Instagram-да.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript