Алматыда жалған бухгалтерлік құжаттар жасаған азаматтар сотталды

8 Қаңтар 2021, 12:47
Сурет: okna-tm.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактуралармен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 млрд. теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.

Аталған азаматтардың алдын ала сөз байласып экономика саласындағы жасаған заңсыз іс-әрекеттерінен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қылмысты жасаған 3 азамат ҚР ҚК 28 бабы 3-б., 29 бабы 5-б. және 216 бабы 3-б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азамат 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар, сот залынан қамауға алынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?